Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алимент төлемеген": Бразилияда футболшыны матч басталатын кезде полицейлер ұстап әкетті

Опубликовано:

алаң
Көрнекі фото: pixabay.com

Алимент төлемеген Бразилия чемпионатының үшінші дивизионының ойыншысын матч алдында полицейлер ұстады, деп хабарлайды Globo Esporte.

Бразилияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Феррориварио" клубының ойыншысы Эдер Лима матчқа қатысатын футболшылардың тізімінде болған.

Алайда оны кездесу басталып жатқан уақытта полицейлер ұстап, бөлімшеге алып кеткен. Кейінірек оның алимент төлемегені үшін қолға түскені анықталды. Салдарынан клубтың жаттықтырушылар штабы ойыншыны басқа футболшымен ауыстыруға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта клубтың заң департаменті мен Эдер Лиманың адвокаты жағдайды шешіп жатқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін УЕФА Қазақстан футбол федерациясына жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты айыппұл салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1978917-aliment-tolemegen-braziliyada-futbolsyny-matc-bastalatyn-kezde-policeiler-ustap-aketti/

pixel