Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" сапында доп тепкен Вагнер Лав бұдан былай қай клубта ойнамақ

Опубликовано:

Футболист Вагнер Лав
Вагнер Лав. Фото: twitter.com/fc_kairat

38 жастағы Вагнер Лав Бразилияның 2-лигасында өнер көрсететін "Спорт Ресифи" клубына ауысты. Алматылық "Қайраттың" экс-шабуылшысы маусымның соңына дейін аталған ұжымда доп теппек, деп хабарлайды Sports.ru.

38 жастағы футболшының Бразилияның екінші дивизионындағы клубпен келісімшарты осы маусымның соңына дейін жарамды. Ол аталған ұжымда 99 нөмірімен ойнайды.

Айта кетейік, Вагнер Лав алматылық "Қайрат" сапында 2020 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті. Осы уақытта футболшы "сары қаралармен" бірге Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды.

Сонымен қатар шабуылшы "Палмейрас", "Фламенго", "Коринтианс", "Монако", "Бешикташ", мәскеулік "ЦСКА" клубтарының жейдесін кейген. Оның соңғы командасы даниялық "Мидтюлланд" болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылық "Қайрат" сапында Вагнер Лавтан басқа Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук сияқты жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980763-qairat-sapynda-dop-tepken-vagner-lav-budan-bylai-qai-klubta-oinamaq/