Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі мүмкін

Жарияланған күні:

2030 жылғы әлем чемпионаты Португалия мен Испанияда өтуі мүмкін
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еуропа футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) президенті Александр Чеферин 2030 жылғы әлем чемпионатын қай мемлекеттер қабылдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Спорт-экспресс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

УЕФА президентінің пікірінше, 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі керек.

"2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтетініне сенімдімін. Бұл өтінім өте ұтымды саналады. Біз аталған екі мемлекетке көмектесу үшін барлығын істейміз. Екі ел де футболмен өмір сүреді және инфрақұрылымы жақсы дамыған", - деді Чеферин.

Айта кетелік, 2022 жылдың маусымында Испания мен Португалия бірлесіп, футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс тастаған болатын.

Сондай-ақ, әлем чемпионатын қабылдауға Аргентина, Парагвай, Уругвай және Чили өтінім берген.

Испания 1982 жылғы әлем чемпионатын қабылдаса, Португалия 2004 жылғы Еуропа біріншілігін өткізді.

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтеді. Ал 2026 жылғы доп додасын АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1985871-futboldan-2030-zylgy-alem-cempionaty-ispaniya-men-portugaliyada-otui-mumkin/