jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Магомед Адиев Қазақстан құрамасының тарихи жеңісіне пікір білдірді

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев баспасөз конференциясында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев баспасөз мәслихатына қатысып, Беларусьпен болған матчы қорытындылады және тарихи жеңіске байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақстар футбол федерациясы.

    "Ең алдымен сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Соңғы үш ай ішінде жылы лебіздеріңізді естіп, марқайып қалдым. Мұндай жағдай менің өмірімде алғаш рет болып отыр. Бұл ертегінің аяқталмауын және алдағы уақытта да "Астана Аренаның" дәл осылай толып, бүгінгідей қолдау көрсеткенін қалаймын. Ал мен өз кезегімде, сіздерді жігіттер болашақтағы ойындардың бәрінде жүрекпен ойнайды деп сендіргім келеді. Бүгінгі атмосфера үшін айтар алғысым шексіз", - деді бас бапкер.

    Адиевтің сөзінше, Беларуське қарсы матчтың бірінші тайм шиеленіске толы болған.

    "Ойынға арналған жоспарымыздың іске аспай жатқан тұстары да болды. Сондықтан екінші таймда бұл жоспардан сәл ауытқуға тура келді. Ең бастысы, үзіліс кезінде жігіттерді сабырға шақырып, жігерін қайрап жібердік. Екінші таймда жақсы ойнап, лайықты түрде жеңіске жеттік", - деді ол. 

    Магомед Адиев Қазақстан құрамасының тарихи жеңісіне пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.