
"Ливерпуль" құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты. Футболшы турнирдегі ең жылдам хэт-трик авторы атанып отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Чемпиондар лигасының баспасөз қызметі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Салах Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-триктің авторы атанды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының төртінші турында "Ливерпуль" сырт алаңда шотландиялық "Рейнджерсті" ойсырата ұтты. Есеп 1:7.
Аталған кездесуде Мохамед Салах алты минуттың ішінде қарсылас команданың қақпасына жауапсыз үш гол соқты (75, 80, 81-минуттар).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992516-moxamed-salax-cempiondar-ligasynda-zana-rekord-ornatty-foto/