Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын допты" жеңіп алған Карим Бензема өзінің кумирі кім екенін айтты

Опубликовано:

Кәрім Бензема
Кәрім Бенземаның "Алтын допты" жеңіп алған сәті. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема "Алтын допты" табыстау кезінде өзінің кумирі туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sports.ru.

"Роналдо - менің кумирім. Мен әлемде ол сияқты шабуылшы жоқ деп санаймын. Оның алаңда жасағандарын қайталау мүмкін емес. Ол тарихта қалды.

Ол мені үнсіз қосалқы құрамда қалдыра алатын жалғыз сұрмерген. Ол Зидан секілді өте жоғарғы деңгейде. Роналдо - тек мен үшін ғана емес, бүкіл шабуылшылар үшін үлгі тұтар тұлға", - деп ағынан жарылды Бензема.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболдан 2022 жылғы "Алтын допты" Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема жеңіп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993106-altyn-dopty-zenip-algan-karim-benzema-ozinin-kumiri-kim-ekenin-asyq-aitty/

pixel