Түнде футболдан Англия біріншілігінің 12-туры өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Ливерпуль" өз алаңында "Вест Хэмнен басым түсті. Есеп 1:0. Ойындағы жалғыз голды Дарвин Нуньес соқты. Уругвайлық шабуылшыға нәтижелі пасты әріптесі Константинос Цимикас берді.
Айта кетейік, Юрген Клопптың шәкірттері маусымда алғаш рет қатарынан үш матч қарсыластарынан айласын асырып отыр.
12 қазан күні Чемпиондар лигасының төртінші турында "Ливерпуль" шотландиялық "Рейнджерсті" ұтса, 16 қазан күні "Манчестер Ситиден" басым түсті.
Мерсисайдтықтардың келесі ойыны 22 қазанға жоспарланған. Юрген Клопптың шәкірттері футболдан Англия біріншілігінің кезекті турында сырт алаңда "Ноттингем Форестпен" ойнамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993500-mausymdy-satsiz-bastagan-liverpul-qatarynan-us-matcta-zeniske-zetti/