Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан екінші лига мәресіне жетті: Үздік клуб пен сұрмергеннің есімі белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Ерсұлтан Төреқұл
Екінші лиганың үздік сұрмергендерінің бірі - Ерсұлтан Төреқұл. Фото: Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы

Шымкентте Екінші Лига командалары арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің бірінші және үшінші орындары үшін матчтар аяқталды, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

Үшінші орынға таласта "Тұран-Ж" пенальти сериясында "Жас Сұңқардан" басым түсті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған еді.

Алтын медаль үшін ойында алматылық "Хан-Тәңірі" шымкенттік "Академия Оңтүстік Ж" командасының қақпасына жауапсыз үш гол соғып, чемпион атанды.

Айта кетейік, Екінші лиганың үздік сұрмергені "Тұран" жастар командасының шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров болды. Ол маусымда 25 рет қақпашыдан айласын асырған (оның бесеуі пенальтиден).

Екінші орын "Жас сұңқар" клубының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұлға бұйырды. Ерсұлтан Төреқұл 23 матчта 24 гол соққан (оның біреуі пенальтиден).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994103-ekinsi-liga-ayaqtaldy-uzdik-klub-pen-surmergennin-esimi-belgili-boldy-foto/

pixel