Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду "Шерифке" қарсы матчқа қатыса ма: "МЮ" бас бапкері көпті мазалаған сауалға жауап берді

Опубликовано:

Футболист Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Matthew Ashton - AMA/Getty Images

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Эрик тен Хаг баспасөз мәслихатында Криштиану Роналду "Шерифке" қарсы матчқа қатыса ма, деген сауалға жауап берді.

Sports.ru мәліметінше, Эрик тен Хаг "Шерифке" қарсы матчқа қатысатын футболшылардың қатарына Криштиану Роналдуды да қосатынын хабарлаған.

Сонымен қатар "Манчестер Юнайтед" бас бапкері клубқа қорғаушы Рафаэль Варанның көмектесе алмайтынын жеткізді. Ол "Челсиге" қарсы матчта жарақат алған болатын.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтед" пен молдовалық "Шериф" арасындағы Еуропа лигасы аясындағы матч ертең, 27 қазанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994412-ronaldu-serifke-qarsy-matcqa-qatysa-ma-myu-bas-bapkeri-kopti-mazalagan-saualga-zauap-berdi/

pixel