Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Барселона" топтық кезеңнен шыға алмады

Опубликовано:

Ансу Фати
Ансу Фати. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

Түнде футболдан Чемпиондар лигасының бесінші турының ойындары өтті. "Барселона" өз алаңында "Баварияны" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Камп Ноу" стадионында өткен матчта есеп оныншы минутта ашылды. Гол авторы "Баварияның" шабуылшысы Садио Мане.

31-минутта германиялық клуб есепті еселеді. "Барселона" қақпашысымен бірге-бір шыққан Эрик Шупо-Мотинг одан айласын асырды.

Кездесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Бенжамин Павар ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, "Барселона" мен "Бавария" арасындағы матч 0:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің аяқталуына бір тур ғана қалды. Ал "Барселона" плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндіктен айырылып, "Еуропа лигасына жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994501-cempiondar-ligasy-barselona-toptyq-kezennen-syga-almady/