Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық клуб ірі есеппен жеңілді

Опубликовано:

"Аят" футбол клубы
Фото: "Аят" футбол клубының ресми сайты

Рудныйлық "Аят" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін португалиялық "Спортингке" қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч 7:1 есебімен "Спортингтің" пайдасына шешілді. "Аят" сапынан жалғыз голды Азат Валиуллин соқты.

Осылайша, рудныйлық клуб екі турда бір ұпайға қол жеткізіп отыр. Турнирдің алғашқы кездесуінде "Аят" хорватиялық "Ново Вриеме" клубымен тең ойнаған еді.

Айта кетейік, "Аят" келесі матчын хорватиялық "Пула" клубына қарсы өткізбек. Матч 29 қазан күні болады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994643-futzaldan-cempiondar-ligasynda-oner-korsetip-zatqan-tagy-bir-qazaqstandyq-klub-iri-eseppen-zenildi/