Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фуболдан Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчты қайдан көруге болады

Опубликовано:

Исламбек Қуат
Исламбек Қуат дайындық кезінде. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Бүгін, 16 қарашада Ташкент қаласында Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Пахтакор" стадионында өтетін Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 19:00-де басталмақ. 

Матчты қазақстандықтар Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Бүгін Өзбекстанға қарсы матчта алаңға екі жыл футболдан шеттетілген Бауыржан Исламхан шығуы мүмкін. Жартылай қорғаушының ұлттық құрамаға шақыртылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Кейінірек Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев неліктен бұндай шешім қабылдағанын түсіндірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары ресми кездесулерде 5 мәрте кездескен. Бір ойында қазақстан құрамасы басым түссе, екі кездесу тең аяқталған, ал екі матч Өзбекстан құрамасының пайдасына шешілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997465-fuboldan-ozbekstan-men-qazaqstan-quramalary-arasyndagy-matcty-qaidan-koruge-bolady/

pixel