
Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матч өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
D тобында өнер көрсететін Дания мен Тунис арасындағы кездесу Education City стадионында өтті.
Матчта қос құрама да алма кезек шабуылға иек артқанымен, ойында есеп ашылған жоқ.
Осылайша, Дания мен Тунис арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Матчтың нәтижесі:
Дания: Шмейхель, Кристенсен, Кьер (Йенсен), Кристенсен, Андерсен, Мэле, Дилэйни (Дамсгор), Эриксен, Хейбьерг, Дольберг (Корнелиус), Ольсен (Линдстрем).
Тунис: Дамен, Дрэгер (Кешрида), Мерья, Бронн, Тальби, Абди, Схири, Лаидуни (Сасси), Слиман (Слити), Мсакни (Межбри), Жебали (Хенисси).
Сары қағаз алғандар: Кристенсен, Йенсен, Хенисси.
Айта кетейік, D тобында Дания мен Тунистен бөлек Франция, Аустралия құрамалары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998501-futboldan-alem-cempionaty-daniya-men-tunis-arasyndagy-matcta-esep-asylmady/