
Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матч өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
D тобында өнер көрсететін Франция мен Аустралия арасындағы кездесу Al Janoub стадионында өтті.
Матч Дидье Дешам жаттықтыратын команданың пайдасына аяқталды. Есеп: 4:1.
Гол авторлары: Адриен Рабьо, Оливье Жиру (дубль), Киллиан Мбаппе - Крэйг Гудвин.
Алғашқы турдан кейінгі D тобындағы жағдай:
Франция - 3 ұпай,
Дания - 1 ұпай,
Тунис - 1 ұпай,
Аустралия - 0 ұпай.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998522-franciya-men-australiya-arasyndagy-matcta-bes-gol-sogyldy/