Уэльс және Англия құрамалары сейсенбіде "Ахмед бин Али" стадионында әлем чемпионатының топтық кезеңінің финалдық матчында кездеседі. Екі тарап та ойынды бар күштерін салып аяқтауға ұмтылатынына күмән жоқ.
Англия плей-оффқа шығуға дайындалып жатыр. "Үш арыстан" алғашқы екі ойында 4 ұпай жинады, ал екінші ойында АҚШ-пен матчында тең ойын өткізуі босаңсуға болады дегенді білдірмейді.
Ағылшын жанкүйерлері Гарри Кейн Уэльске қарсы тұра ала ма деген оймен ойынды асыға күтуде. Англия құрамасының капитаны Иранға қарсы матчта жарақат алғаннан кейін тобығы байланғаны байқалған болатын.
Бұл ойын Уэльстің бас бапкері Роб Пейдж үшін де маңызды, оның командасы В тобында алға жылжу үшін үш ұпай жинауы керек. Команданың бұл матчта жеңіске жетуі үшін бар күшін салудан басқа амалы жоқ. Тек ауыр жолмен келген жеңіс "Айдаһарларға" топтағы іріктеуден өту мүмкіндігін береді.
Гарет Бэйл Уэльс командасының капитаны ретінде өз командасын ынталандыру үшін барын салады, ал валлилік Киффер Мурдың ойын үстемдігі Англияның қорғанысына қиындық тудыруы мүмкін. Алайда, мұндай жағдайда да екі британдық команда арасындағы шайқас өте қызу болатынына күмән жоқ.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Уэльстің жеңісі - 8.10, тең ойын - 4.70, Англияның жеңісі - 1.44
Parimatch-пен 2022 жылғы Әлем чемпионатының үздік матчтарын тамашалаңыз және барлығы 500 000 000 теңгеге пәтерлер, қолма-қол ақша, PS5, iPhone 14 Pro және т.б. жүлделер ұтысына қатысыңыз.
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999435-uels-angliya-futboldan-alem-cempionatynda-britandyq-derbiden-ne-kutuge-bolady/