jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Маған кездесіп қалма": Мессидің киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы Альварестің ашуына тиді (видео)

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Футболдан Мексика құрамасын 2:0 есебімен ұтқан Аргентина командасы жеңісті ерекше атап өтті. Олар киім ауыстыратын бөлмеде әндетіп, кейін билей жөнелген. Ал аталған видео мексикалық кәсіби боксшы Сауль Альвареске ұнамай қалды, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес видеода Месси Мексика құрамасының киімімен еден сүртті деген пікірде.

    "Мессидің біздің жейде мен туымызды алып, еден сүрткенін көрдіңіздер ме? Оның маған кездесіп қалмауын құдайдан тілеймін", - деп жазды Альварес.

    Аталған жағдайға қатысты Мессидің өзі үн қатқан жоқ. Ал оның жақын достарының бірі әрі бұрынғы командаласы Сеск Фабрегас боксшыға өз жауабын айтты.

    "Сен ол адамды және ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде не болатынын білмейсің. Әсіресе, маңызды жеңісті тойлап жатқан сәтте... Барлық жейделер, тіпті, біз киетін жейделер де еденге тасталады. Кейін бәрін жинап, жууға алып кетеді", - деп жазды Фабрегас.

    Сонымен қатар Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі Мессидің жан досы Серхио Агуэро да үнсіз қалмады.

    "Мистер Канело, мен ақталып тұрған жоқпын, бірақ ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде не болатынын білмейсіз. Ойыннан соң терге малынған жейделердің барлығы жерде жатады. Егер анықтап қарасаңыз, Месси бутсасын шешер кезде байқамай жейдені іліп кеткен", - дейді Серхио.

    Айта кетелік, Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен ұтылып, кейін Мексиканы 2:0 есебімен жеңді.

    "Маған кездесіп қалма": Мессидің киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы Альварестің ашуына тиді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.