Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне А тобынан қай құрамалардың шыққаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үшінші турда Катар құрамасы мен Нидерланд кездесті. "Аль Байт" стадионында өткен матчта Лиу Ван Гал шәкірттері турнир қожайындарын 2:0 есебімен ұтты.
Гол авторлары: Гакпо, де Йонг.
Үшінші турдан кейін А тобындағы жағдай:
Нидерланд - 7 ұпай.
Сенегал - 6 ұпай,
Эквадор - 4 ұпай,
Катар - 0 ұпай.
Осылайша, А тобынан Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне Нидерланд пен Сенегал құрамалары шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999474-alem-cempionaty-a-tobynda-birinsi-orynga-qai-quramanyn-qol-zetkizgeni-belgili-boldy/