Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катар Әлем чемпионатында екі антирекорд тіркеген алғашқы ел ретінде тарихта қалды

Опубликовано:

Катар құрамасы
Катар құрамасы Нидерландқа қарсы матч алдында. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Катар Әлем чемпионатында екі антирекорд тіркеген алғашқы ел ретінде тарихта қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Топтық кезеңнің үшінші турында Катар құрамасы 0:2 есебімен Нидерландқа есе жіберді.

Осылайша, Феликс Санчес Бас шәкірттері төртжылдықтың ірі додасында антирекорд тіркеді. Яғни, Катар турнирді қабылдаушы елдердің арасында топтық кезеңде бірде-бір ұпай жинай алмаған тарихтағы алғашқы ұжым атанып отыр.

Айта кетейік, Катар Әлем чемпионатында А тобында өнер көрсетті.

Алғашқы турда турнир қожайындары Эквадорға есе жіберсе, екінші турда Сенегалдан ірі есеппен ұтылды. Үшінші турда жергілікті футболшылардың Нидерланд құрамасына шамасы жеткен жоқ.

Сонымен қатар қақпаға жіберген голдар саны бойынша да Катар тарихта қалды. 2022 жылғы Әлем біріншілігінде Феликс Санчес Бас шәкірттері қақпа қақпасына жеті гол жіберіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999477-katar-alem-cempionatynda-eki-antirekord-tirkegen-algasqy-el-retinde-tarixta-qaldy/