Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рэшфорд Уэльс қақпасына соққан голын бірнеше күн бұрын қайтыс болған досына арнады

Опубликовано:

рэшфорд
Рэшфорд. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Англия құрамасының футболшысы Маркуш Рэшфорд Уэльске қарсы кездесуден кейін ағынан жарылды. Шабуылшы голын бірнеше күн бұрын өмірде өткен досына арнайтынын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Sports.ru-ға сілтеме жасап.

Англия құрамасының шабуылшысы Әлем біріншілігінің топтық кезеңінің соңғы турында дубль авторы атанды. Ол Уэльс қақпасына соққан бір голын қолын аспанға көтеріп "тойлады".

Матчтан кейін Маркуш Рэшфорд неліктен дәл осылай жасағанын түсіндірді.

"Бірнеше күн бұрын мен достарымның бірінен айырылдым. Ол қатерлі ісікпен біраз уақыт күрескен еді.

Досым үшін гол соққаныма қуаныштымын. Ол менің шынайы жанкүйерім және жақсы досым болатын. Ол менің өмірімде маңызды орын алды", - деді Рэшфорд.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999498-resford-uels-qaqpasyna-soqqan-golyn-birnese-kun-buryn-qaitys-bolgan-dosyna-arnady/