Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мбаппенің екі голы Франция құрамасын Әлем чемпионатының ширек финалына шығарды (видео)

Опубликовано:

Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/FIFA World Cup

Франция құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1/8 финалда Франция мен Польша кездесті. "Әл Тумама" стадионында өткен матчта Дидье Дешам шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 3:1.

Гол авторлары: Оливье Жиру, Киллиан Мбаппе (дубль) - Роберт Левандовски.

Енді Франция құрамасы ширек финалда Англия-Сенегал жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000090-mbappenin-eki-goly-franciya-quramasyn-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-sygardy-video/