
Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалының матчтары аяқталуға жақын. Бүгін ширек финалда өнер көрсететін соңғы екі құрама белгілі болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Марокко мен Испания арасындағы кездесу Астана уақытымен 20.50-де басталмақ.
Ал Португалия-Швейцария матчы түнде өтеді. Ойын Астана уақытымен 00.50-де басталады деп жоспарланып отыр.
Qazaqstan және Qazsport телеарналары әлем біріншілігінің бүгінгі кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000331-futboldan-alem-cempionaty-bugin-qandai-matctar-bolady/