Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилиядан ойсырай жеңілген Оңтүстік Кореяның бас бапкері қызметінен кетті

Опубликовано:

Паулу Бенту
Паулу Бенту. Фото: championat.com

Футболдан Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері Паулу Бенту қызметінен кетті. Португалиялық маман бұл шешімді қыркүйек айында қабылдап қойғанын айтты, деп хабарлайды championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Оңтүстік Корея Бразилиядан 1:4 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады. Ал бас бапкер осы жеңілістен соң командадан кететінін мәлімдеді.

"Болашақты ойлау керек. Ал болашақ Корея құрамасының ойыншыларымен байланысты емес. Мен бұл туралы ойыншылар мен федерацияға хабарладым. Аталған шешімді қыркүйек айынды қабылдап қойғанмын. Ойыншыларға әлем чемпионатындағы жетістігі үшін рахмет айтамын. Олар бар күшін берді. Олардың бапкері болғанымды мақтан тұтамын", - деді Бенту.

Айта кетелік, Паулу Бенту 2018 жылдан бері Оңтүстік Корея құрамасын жаттықтырып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000407-braziliyadan-oisyrai-zenilgen-ontustik-koreyanyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/