Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эден Азар Бельгия құрамасындағы мансабын аяқтады

Опубликовано:

Эден Азар
Эден Азар. Фото: Twitter/Fifa World cup

Эден Азар Бельгия құрамасындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы жартылай қорғаушы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін тарихтың бір парақшасы ашылып жатыр... Кіршіксіз таза көңілдеріңіз үшін рақмет. Қолдауларыңызға алғыс айтамын. 2008 жылы басталға бақыт үшін рақмет. Мен құрама сапындағы мансабымды аяқтау турашы шешімге келдім. Мені алмастыратын ойыншы дайын. Бәріңізді сағынатын боламын", - деп ағынан жарылды футболшы.

Айта кетейік, футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Бельгия құрамасы тобынан шықпай қалды. Төртжылдықтың ірі додасында Эден Азар капитандық қызметті атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000570-eden-azar-belgiya-quramasyndagy-mansabyn-ayaqtady/