Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапониялық футболшыларды жанкүйерлер ерекше құрметпен күтіп алды (фото)

Опубликовано:

Футболдан Жапония құрамасын күтіп алу рәсімі
Футболдан Жапония құрамасын күтіп алу рәсімі. Фото: twitter/fifaworldcup

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңілген Жапония құрамасының ойыншыларын өз елінде үлкен құрметпен күтіп алды. Бұл туралы чемпионаттың Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, Жапония құрамасы плей-офф кезеңінде Хорватия құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы арқылы қарсыласқа есе жіберген еді.

Ал топтық кезеңде жапондар Испания мен Германия командаларын 2:1 есебімен жеңіп, Коста-Рикаға 0:1 есебімен жол берген болатын.

Жапония құрамасын қарсы алу рәсімі
Жапония құрамасын қарсы алу рәсімі. Фото: twitter/fifaworldcup

Жанкүйерлер команданың бұл ерлігін жоғары бағалап, футболшыларды әуежайда үлкен құрметпен қарсы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000591-zaponiyalyq-futbolsylardy-zankuierler-erekse-qurmetpen-kutip-aldy-foto/