Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марокко-Португалия ойынынан соң Роналду көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Португалия құрамасы жартылай финалға шыға алған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ширек финалда Португалия құрамасы Мароккоға есе жіберді. Есеп 1:0.

Матч аяқталған соң Әлемдегі ең үздік футболшының бірі Криштиану Роналду көз жасына ерік берді. Ол киім ауыстыру бөлмесіне бара жатқан уақытта эмоциясын ұстай алмады.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Мароккоға қарсы матчты негізгі құрамда бастамады. Шабуылшы екінші таймда алаңға Рубен Невештің орнына алмасып шықты. Матч барысында оның есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда Марокко қақпашысы Буну мықтылығын тағы да дәлелдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000996-marokko-portugaliya-oiynynan-son-ronaldu-koz-zasyna-erik-berdi-video/