Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Англия жарысты аяқтады": Әлем чемпионатының жартылай финалына соңғы шыққан құрама белгілі болды

Опубликовано:

Франция құрамасының жанкүйері
Франция құрамасының жанкүйерлері. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің жартылай финалына шыққан соңғы құрама белгілі болды. Ол - Франция командасы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ширек финалдың соңғы кездесуінде Англия мен Франция құрамалары кездесті. "Аль-Байт" стадионында өткен матчта Дидье Дешамның шәкірттері 1:2 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Харри Кейн (он бір метрлік айып добынан) - Орельен Тчуамени, Оливье Жиру.

Осылайша, Франция құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр. Енді Дидье Дешамның шәкірттері финалға берілетін жолдама үшін Мароккомен ойнайды.

Айта кетейік, Марокко мен Португалия арасындағы матчта африкалық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000999-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-songy-bolyp-syqqan-qurama-belgili-boldy/