Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың басы тағы дауға қалды: футболшының қаржылық қулыққа қатысы болуы мүмкін

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Әйгілі Криштиану Роналдудың басы даудан арылар емес. Әлем чемпионатының алдында "Манчестер Юнайтедтен" кеткен ойыншының Катарда да жолы болмады. Енді оны қаржылық айла-шарғыға қатысы деп айыптап жатыр, деп жазады Спорт Экспресс басылымы.

Атап айтар болсақ, Криштиану Роналду мен "Ювентус" клубы басшылары арасындағы жасырын келісімді БАҚ өкілдері біліп қалған. Қазіргі таңда туриндік команданың басына бұлт үйірілді. Клубтың президенті Андреа Аньелли мен вице-президент Павел Недвед және директорлар кеңесінің басқа да мүшелері толық отставкаға кеткен.

Бұған себеп - клубтағы қаржылық айла-шарғылардың көпшілікке белгілі болуы. "Ювентус" басшылары футболшылардың трансферіне қатысты соманы төмендетіп, қызмкеткерлердің жалақысы мен штат шығындары туралы мәліметті азайтқан. Ал тағы бір эпизодтың осы клубта өнер көрсеткен Криштиану Роналдуға қатысы бар.

Қазан айында La Gazzetta dello Sport журналисті Фабиана делла Валле португалиялық футболшының да бұл іске қатысы барын мәлімдеген. Нақтылап өтер болсақ, туриндік клуб басшылығы Роналду төлеген 20 миллион еуро көлеміндегі салықты есепке алмаған. 2018-2020 жылдар аралығында "Ювентус" 115 миллион еуроны осылай жасырып қалды деген күдік бар.

Сондай-ақ "Ювентус" агенттіктерге жалған құжат әзірлеп, оған Криштиану қол қойды деген мәлімет те бар. Турин прокуратурасы сол кезде-ақ Роналдудан жалақысын көрсетуді сұраған болатын. Ол еңбекақысын жариялаудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001157-ronaldudyn-basy-tagy-dauga-qaldy-futbolsynyn-qarzylyq-qulyqqa-qatysy-boluy-mumkin/

pixel