
Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін жартылай финалдың алғашқы кездесуі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін "Лусаил" стадионында Хорватия мен Аргентина арасындағы кездесу өтеді. Матч түнгі сағат 00.50-де басталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы ширек финалда Нидерланд құрамасын жарыс жолынан шығарса, Хорватия Бразилияны еліне қайтарды.
Аталған екі құрама да пенальти сериясында қарсыластарынан басым түсті.
Жартылай финалдың екінші ойыны ертеңге жоспарланған. Марокко мен Франция матчы да 00.50-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001429-futboldan-alem-cempionaty-bugin-zartylai-finaldyn-algasqy-matcy-otedi/