jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Әйелі өзінен 12 жас үлкен": Әйгілі марокколық футболшының модель жұбайы жайлы не білеміз (фото)

    Хиба Абук пен Ашраф Хакими
    Хиба Абук пен Ашраф Хакими. Фото: instagram/hiba_abouk_

    Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен Марокко құрамасының көшбасшысы Ашраф Хакими испандық актриса әрі модельге үйленген. Оның келіншегі өзінен 12 жас үлкен, деп жазады Спорт Экспресс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Хакими мен Хиба Абук 2019 жылы отау құрған. Бүгінде олар екі бала тәрбиелеп отыр.

    Хиба - танымал актриса әрі модель. Ол күйеуі Ашрафтан 12 жас үлкен. Хиба Абук кино әлеміндегі мансабын бастаған кезде болашақ күйеуі небары 12 жаста болған.

    Ашраф та, Хиба да Испанияда дүниеге келді. Ашрафтың тегі марокколық болса, Хиба Испанияға қоныс аударған тунистік отбасында туып-өскен.

    Хиба Абук күйеуін қолдау үшін стадионға жиі барып тұрады және жүйелі түрде спортпен айналысады.

    "Әйелі өзінен 12 жас үлкен": Әйгілі марокколық футболшының модель жұбайы жайлы не білеміз (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.