Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пеле мен Зиданды артта қалдырды": 23 жастағы Мбаппе Әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты

Опубликовано:

Киллиан Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе Әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Аргентина мен Франция арасындағы финалдық матч 3:3 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында оңтүстік америкалық ұжымның жолы болды.

Аталған кездесуде Франция шабуылшысы Киллиан Мбаппе хэт-триктің авторы атанды. Сонымен қатар ол Ресейде өткен Әлем біріншілігінің ақтық мәресінде де мергендігімен көзге түскен еді.

Осылайша, 23 жастағы Киллиан Мбаппе төртжылдықтың ірі додасының финалында төрт гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр.

Әлем чемпионатының ақтық мәресінде үш гол соққан футболшылардың қатарында Вава, Пеле, Джеффа Херст, Зинедин Зидан бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002071-pele-men-zidandy-artta-qaldyrdy-23-zastagy-mbappe-alem-cempionatynyn-zana-rekordyn-ornatty/

pixel