Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол қиын кезеңді бастан кешуде": Роналду Португалия құрамасынан кете ме

Опубликовано:

Криштиану Роналду жасыл алаңда
Криштиану Роналду. Фото: championat.com

Әйгілі футбол жұлдызы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтамайды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Испандық Marca басылымының хабарлауынша, шабуылшы ұлттық құрамадан кетуді мақсат етіп отырған жоқ. Оның айналасындағылар Роналдудың 2026 жылы өтетін әлем біріншілігіне қатысуға үмітті екенін айтуда.

Басылым мәліметінше, Португалия құрамасының Катардағы әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырауы Роналду үшін қатты соққы болған. Ол қазір қиын кезеңді бастан кешіруде, десе де, бұл нәтижені қабылдауға тырысып жатыр.

Одан бөлек, Португалияның ширек финалда ұтылып, Лионель Месси ойнайтын Аргентинаның әлем чемпионы атануы Криштиануға екі есе ауыр тиген.

Қазіргі сәтте 37 жастағы ойыншы өзіне жаңа клуб іздестіріп жатыр. Ол қараша айында "Манчестер Юнайтед" командасынан кетіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002328-ol-qiyn-kezendi-bastan-kesude-ronaldu-portugaliya-quramasynan-kete-me/

pixel