Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең танымал футболшыларының жүрегін жаулаған арулар туралы не білеміз

Опубликовано:

Лионель Месси жұбайымен. Фото
Лионель Месси жұбайымен. Фото: Instagram/antonelaroccuzzo

Катарда футболдан әлем чемпионаты кезінде көпшілікті танымал футболшылардың өзі ғана емес, жеке өмірі де қызықтырғаны да анық. Осы орайда life.ru атақты футболшылардың таңдауы кімге түскені жайлы қызықты деректерді ұсынды.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің таңдауы бала күнінен досы Антонелла Рокуццоға түскен. Олар Росарио деп аталатын қалада өмірге келіп, бірге өскен. Әйгілі футболшы тіпті жұбайына 11 жасында болашақта өздерінің жұп болатынын айтқан.

Алайда Месси Еуропаға аттанып, екеуінің ара-қатынасы достықтан әрі аспаған. Тек арада бірнеше жыл өткен соң, Антонелланың жақын құрбысы Урсулы Нотц дүниеден өткенде ғана, Месси бала күнгі махаббатымен қайта қауышады. Бүгінде олар Тьяго, Матео және Чиро есімді үш ұлды тәрбиелеп отыр.

Әлем чемпионатында көзге түскен Аргентина құрамасының тағы бір футболшысы, қақпашы - Эмилиано Мартинестің таңдауы өзінің көршісі Мадиньяға түскен.

"Ол өмірде өте қарапайым, маған қымбат сыйлықтардан гөрі гүл сыйлағанды ұнатады", - дейді Мадинья жұбайы жайлы.

2017 жылы шаңырақ құрған Эмилиано мен Мадиньяның бүгінде Санти және Ава есімді ұл-қызы бар.

Хорватия құрмасының капитаны 37 жастағы Лука Модрич Ваня Боснич есімді арумен отбасын құрған.

Жұлдызды футболшы болашақ жарымен 2004 жылы танысып, 2010 жылы үйленген. Олар қазір Ивано, Эма және София есімді үш баланы тәрбиелеп отыр.

Ал футболдан биылғы әлем чемпионатының ең жас ойыншысы атанған Аргентина құрмасының футболшысы Энцо Фернандестің таңдауы Валентина Сервантес есімді аруға түскен.

Әзірге жастар заңды түрде некеге тұрмаса да, олардың Оливия есімді қыз бар. Осылайша Аргентина құрамасының 21 жастағы ойыншысы 19 жасында әке атанып үлгерген.

Катардағы әлем чемпионатында ерекше көзге түскен марокколық футболшы 24 жастағы Ашраф Хакими өзінен бірнеше жас үлкен испаниялық актриса Хиба Абукқа үйленген. Жұлдызды жұп бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Манчестер Юнайтедтің қорғаушысы, Англия құрамысында ойнайтын Люк Шоудың жүрегін жаулаған аурдың есімі - Анушка Сантос. Олардың да бір ұлы, бір қызы бар.

Франция құрамасының белді ойыншысы Антуан Гризманн болса, Эрика Чоперен есімді аруға үйленген. Ерлі-зайыптылар Гризманн 2011 жылы "Реал Сосьедад" сапында өнер көрсетіп жүргенде танысқан.

Десе де, футболшы мен балалар психологы тек 2017 жылы отбасын құрып, тойларын Испанияның Паласио-де-Галиана сарайында жасаған. Гризманн отбасында бүгінде екі қыз өсіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002369-alemnin-en-tanymal-futbolsylarynyn-zuregin-zaulagan-arular-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel