Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының капитаны мәскеулік ЦСКА-ның үздік футболшысы атанды (фото)

Опубликовано:

Мясникова
Фото: Instagram/myasnikova_yuliya

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова мәскеулік ЦСКА-ның үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұндай ақпаратты футболшы Instagram Stories-те жариялады.

Оған сәйкес, жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде Юлия Мясникова өткен маусымдағы мәскеулік ЦСКА-ның үздік ойыншысы атанған.

Қорғаушы 2022 жылы мәскеулік ұжым сапында он рет алаңға шығып, екі гол соққан. Сонымен қатар футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны бес нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, Юлия Мясникова Қарағанды қаласында өмірге келген. Ол "Алма КТЖ", "Биік Қазығұрт" секілді қазақстандық клубтарда доп депкен. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны 2019 жылдан бері мәскеулік ЦСКА сапында өнер көрсетіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002483-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-maskeulik-cska-nyn-uzdik-futbolsysy-atandy/