Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдусыз "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетті

Опубликовано:

Бруно Фернандеш
Бруно Фернандеш: twitter.com/Zagotweet

Түнде Англияның лига кубогының матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Бернли" клубын қабылдады. "Олд Траффорд" стадионында өткен матчта Эрик Тен Хаг шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 2:0. Гол авторлары: Кристиан Эриксен, Маркус Рэшфорд.

Осылайша, "Манчестер Юнайтед" Англия лига кубогының 1/4 финалына жолдама алып отыр.

Еске сала кетейік, Катардағы Әлем чемпионаты қарсаңында "Манчестер Юнайтед" Криштиану Роналдумен келісімшартты үзгенін ресми түрде жариялаған болатын.

Мұның алдында португалиялық сұрмерген журналист Пирс Морганға даулы сұхбат беріп, команданың құрылымын сынаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002746-ronaldusyz-mancester-yunaited-zeniske-zetti/

pixel