Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі күн бойы ұйықтай алмадым": Аргентинадан ұтылған футболшы жеңілісті ауыр қабылдағанын айтты

Жарияланған күні:

Вирджил Ван Дейк
Вирджил Ван Дейк. Фото: Shaun Botterill/Getty Images

Футболдан Нидерланд құрамасының капитаны Вирджил ван Дейк ширек финалда Аргентинадан ұтылған соң, екі күн бойы ұйықтай алмағанын айтты. Бұл туралы "Матч ТВ" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ойыншы Аргентинадан жеңілген соң, қатты қиналғанын жасырмады. Турнирдің ширек финалында нидерландтықтар пенальти сериясы бойынша 2:4 есебімен ұтылған еді.

Ал 11 метрлік айып добын бірінші болып орындаған ван Дейктің соққысын Мартинес қайтарды.

"Сол ойыннан соң екі күн бойы ұйықтай алмадым. Тіпті, екі гол жіберіп алсақ та, турнирдің келесі айналымына тым жақын тұрдық. Өкінішке қарай, мен өте маңызды пенальтиді соға алмадым.

Бұл өте ауыр еді. Мен үшін сол түн қиын өтті. Біршама уақыт өзімді футбол әлемінен бөліп тастап, отбасыммен шүйіркелестім. Бұл - өмірдегі ең басты нәрсе. Осы жайт мені қиындықтан алып шықты", - дейді Вирджил.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003331-eki-kun-boiy-uiyqtai-almadym-argentinadan-utylgan-futbolsy-zenilisti-auyr-qabyldaganyn-aitty/