Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия чемпионатында өнер көрсететін футболшы Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін айтты

Опубликовано:

Футболшы
Фото: facebook.com/svmeppen

Футболдан Германия біріншілігінде өнер көрсететін "Меппен" клубының ойыншысы Вилли Евсеев Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Berliner-telegraph.de басылымына сілтеме жасап.

Футболшы Теміртау қаласында өмірге келгенін, кейінірек отбасымен Германияға көшіп кеткенін сөз етті.

Вилли Евсеевтің айтуынша, "Вольсбург" сапында өнер көрсетіп жүрген кезде Қазақстан ұлттық құрамасынан шақырту келген. Алайда сол уақытта футболшы ұсынысты бірден қабылдай қоймаған.

"Қазіргі уақытта кіндік қаным тамған жер үшін, Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетсем керемет болар еді деп ойлаймын. Бұл үлкен тәжірибе", - деп ағынан жарылды футболшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003387-germaniya-cempionatynda-oner-korsetetin-futbolsy-qazaqstan-quramasynda-oinagysy-keletinin-aitty/

pixel