Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп клуб мені сатып алғысы келді": Роналду "Әл-Насрға" ауысуы жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Роналду
Роналду спорттық жейдесімен. Фото: Twitter/AlNassrFC

Криштиану Роналду "Әл-Наср" футбол клубына ауысу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Футболшыны таныстыру рәсіміне дейін баспасөз мәслихатында Криштиану Роналду көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді.

Оның сөзінше, "Әл-Наср" клубына ауысқанға дейін бірнеше еуропалық ұжымнан ұсыныс түскен.

"Бұны ешкім білмеген. Қазір бәрін айтқым келіп тұр. Менде Еуропадан көп ұсыныс болды. Сонымен қатар Бразилия, Аустралия, Америка Құрама штаттарының клубтары сатып алғысы келді. Португалияның да командалары да келісімшарт ұсынды. Бірақ мен бұл ұжымға сөз бердім", - деп ағынан жарылды Португалия құрамасының капитаны.

Осы орайда Роналду Сауд Арабиясында өнер көрсететін ұжымға ауысу мансабының соңы емес екенін білдірді.

"Мен осындай шешім қабылдадым және оған жауап беремін", - деді ол.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырды.

Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 8 миллион 700 мыңға жетті. Яғни бірнеше күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына жеті жарым миллионнан астам жанкүйер қосылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004057-kop-klub-meni-satyp-algysy-keldi-ronaldu-al-nasrga-auysuy-zaily-pikir-bildirdi/