Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралха Өміртаев "Атырау" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Атырау" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оралхан Өміртаев “Атырау” футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Оралханға ақ-жасылдар сапында жеңіс тілейміз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Оралхан Өміртаев - "Шахтер" футбол клубының түлегі. Ол мансабын 2015 жылы қарағандылық ұжым сапында бастады.
2020 жылы 1 қаңтардан бастап қостанайлық "Тобыл" сапында доп тепті.
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютін 2018 жылы 19 қарашада Ұлттар лигасының матчында жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006781-oralxan-omirtaev-atyrau-oiynsysy-atandy/