Cербиялық қақпашы Марко Милошевич "Астана" футбол клубының сапына кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астана" футбол клубы мен Марко Милошевич ортақ келісімге келіп, қақпашы көк-сарылар қатарынан кетті.
Марко елордалық клубқа 2022 жылғы маусымда қосылып, чемпионатты жеңіп алуға өз үлесін қосты.
Қақпашыға команданың жеңіс жолында атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, футбол әлемінде тек сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Марко Милошевич мансабын 2009 жылы "Земун" клубында бастады. Қақпашы "Раднички", "Синджелич", "Вождовац", "Каспий" секілді клубтарда доп тепкен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007941-astana-ataqty-legionerdin-klub-sapynan-ketkenin-xabarlady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.