Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек ресми түрде "Ақтөбе" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан ұлттық құрамасының 21 жастағы ойыншысы Абылайхан Жұмабек "Ақтөбе" футбол клубымен екі жылға келісімшартқа отырды.
Тараз футбол мектебінің түлегі Қазақстанның U16, U17, U19 және U21 деңгейіндегі жасөспірімдер-жастар командаларынан ұлттық құрама дәрежесіне дейін көтеріле білген футболшы.
Былтырғы ел чемпионаты мен Кубогы аясында шабуылшы “Тараз” сапында 14 гол соғып, екі нәтижелі пас шығарған", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008449-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-sabuylsysy-aqtobe-oiynsysy-atandy-foto/