jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Хорватия құрамасының бұрынғы бас бапкері қайтыс болды

    Аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Футболдан Хорватия құрамасының бұрынғы бас бапкері Мирослав Блажевич 88 жасында қайтыс болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қаралы хабарды Хорватия футбол одағының (HNS) ресми сайты растады.

    Хорватия құрамасының бұрынғы бас бапкерінің неден көз жұмғаны белгісіз. Ведомство ол туралы ақпарат берген жоқ.

    Ал кейбір БАҚ беттерінде Мирослав Блажевичтің 2011 жылдан бері қатерлі ісікпен күрескені жазылуда.

    "Хорватия футбол одағы Мирослав Блажевичтің қазасына байланысты оның жақындары мен жанұясына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Мирослав Блажевич бапкерлік мансабында футболдан Хорватия құрамасын, загребтік "Динамоны", франциялық "Нант" клубын жаттықтырған.

    Футболдан Хорватия құрамасының бұрынғы бас бапкері қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.