jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Милан" өз алаңында "Тоттенхэмнен" басым түсті

    милан
    Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтары басталды. "Милан" өз алаңында лондондық "Тоттенхэмді" қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Сан Сиро" стадионында өткен ойынның жетінші минутында есеп ашылды. Гол авторы: "Милан" жартылай қорғаушысы Браим Диас.

    Бұдан кейін қос клубтың ойыншылары қанша шабуылдағанмен есеп өзгерген жоқ.

    Осылайша, "Милан" 1/8 финалдың алғашқы матчында жеңіске жетті. Жауапты ойын 9-наурыз күні Лондон қаласындағы "Тоттенхэм Хотспур" стадионында өтеді.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. Олар: "Бенфика" (Португалия), "Порту" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Бавария" (Германия), "Челси (Англия), "Манчестер Сити" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "ПСЖ" (Франция), "Милан" (Италия), "Интер" (Италия), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Айнтрахт" Франкфурт (Германия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Брюгге" (Бельгия).

    Чемпиондар лигасы: "Милан" өз алаңында "Тоттенхэмнен" басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.