jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: Бүгін қандай матчтар өтеді

    Родриго мен Винисиус
    Фото: Twitter/Real Madrid C.F.

    Бүгін, 14 ақпанда футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтары өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін екі кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. "Ливерпуль" өз алаңында мадридтік "Реал" клубын қабылдайды.

    Ал франкфурттік "Айнтрахт" "Дойче банк Парк" стадионында "Наполи" клубымен кездеседі.

    Қазақстандықтар аталған ойындарды Qazsport және Qazaqstan арнасынан тікелей эфирде көре алады.

    Матч 01.50-де басталады.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. Олар: "Бенфика" (Португалия), "Порту" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Бавария" (Германия), "Челси (Англия), "Манчестер Сити" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "ПСЖ" (Франция), "Милан" (Италия), "Интер" (Италия), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Айнтрахт" Франкфурт (Германия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Брюгге" (Бельгия).

    Чемпиондар лигасы: Бүгін қандай матчтар өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.