Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Наполи" сырт алаңда жеңіске жетті

Опубликовано:

"Наполи" футбол клубы
"Наполи" футбол клубының ойыншылары. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында франкфурттік "Айнтрахт" клубы "Наполиге" есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Дойче банк Парк" стадионында өткен ойында алаң иелері "Наполиден" 0:2 есебімен ұтылды. Италиялық ұжым сапында ойынның қырықыншы минутында Виктор Осимхен есеп ашса, 65-минутта Джованни Ди Лоренцо матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, "Наполи" ширек финалдың жолдамасын жартылай шешіп қойды.

Енді қарымта кездесу 15 наурыз күні Неаполь қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Ливерпуль" клубы "Реал Мадридтен" ірі есеппен ұтылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010326-cempiondar-ligasy-napoli-syrt-alanda-zeniske-zetti/