Лукаку Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты
Опубликовано:
Миландық "Интердің" шабуылшысы Ромелу Лукаку Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Интер" өз алаңында "Порту" клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы жалғыз гол миландық ұжымның футболшысы Ромелу Лукакудың еншісіне жазылды.
Бұл - шабуылшының Чемпиондар лигасындағы 17-добы еді. Осылайша, Ромелу Лукаку Бельгия құрамасы ойыншыларының арасында еурокубокта ең көп гол ұрған футболшы атанып отыр.
Ол Дринс Мертенстен (16 гол) бір допқа озып кетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010556-lukaku-cempiondar-ligasynda-zana-rekord-ornatty/