"Тоттенхэм" мен "Милан" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында тағы да тамаша ойын көрсетуге дайындалып жатыр. Екі команда да өзінің ұлттық турниріндегі жеңілістерден кейін ойынға шығады. Бұл жағдай қарсыластарды ынталандырады ма, әлде тұрақсыздандырады ма, оны біз келесі бейсенбіде білетін боламыз.
Тоттенхэм
"Шпорлар" өте тұрақсыз ойынға қарамастан Премьер-лиганың көшбасшы төрттігі қатарында келе жатыр. Осы маусымда команданың қорғанысы әлсіздеу - 36 гол жіберіп алды, бұл алғашқы ондықтағы клуб үшін жақсы көрсеткіш емес. "Тоттенхэм" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне "Айнтрахт", "Спортинг" және "Олимпик" сияқты мықты қарсыластар деп айтуға келмейтін командаларынан құралған топтан шықты. "Миланмен" кездесуге дейін команда Чемпионшиптегі "Шеффилд Юнайтедтен" жеңіліс тауып, содан кейін "Вулверхэмптонге" жол беріп, Англия кубогынан шығып кетті. Конте ұжымының өз-өзіне деген сенімділігі сейіле түскені анық.
Милан
А серияның қазіргі чемпионы турнир кестесінің 5-сатысында орналасып, ұлттық лигада көрсеткен ойындарының нәтижесі көңілді қалдырады. Жексенбілік турда "Милан" ойын соңында әрең дегенде бір гол соққанымен, "Фиорентинадан" жеңіліп қалды. "Россонери" ЧЛ-дың топтық кезеңінде "Челсиден" екі рет жеңіліп, 2-ші орыннан шықты. Командаға 1/8 финалдың бірінші ойынында минималды жеңіске жетуі, алдағы матчта артықшылық береді. Сонымен қатар Рафаэль Леао сияқты дара ойыншылар осы шайқаста үлкен рөл атқара алады, ол өткен маусымда керемет ойын көрсетіп, "Миланның" ең жарқын ойыншыларының біріне айналды.
Қызықты фактілер
Қарсыластар Чемпиондар лигасы аясында үш рет кездескен: әрқайсы бір жеңістен алып, тағы бір матчты тең нәтижемен аяқтады. Айта кету керек, "россонери" қонақ алаңында жақсы нәтиже көрсетуде — соңғы 11 кездесудің 9-ында олар кем дегенде бір голдан соға алды. "Шпорлар" өз кезегінде үй алаңында өздерін сенімді сезінеді — 7 ойынның 6-ында олар кем дегенде 2 голдан соқты. 1/8 финалдың бірінші раундында жеңілгеніне қарамастан, "Тоттенхэм" матчтың фавориті болып саналады.
Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:
Тоттенхэм - 1.94, Тең ойын - 3.60, Милан - 4.10
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012072-cempiondar-ligasynyn-18-finalynda-tottenxem-milan-kezdesuinin-natizesi-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.