Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бенфика - Брюгге: сарапшылар бельгиялықтардың жеңіске жетуі неге күмән туғызатынын айтты

Опубликовано:

Бенфика - Брюгге ЛЧ
Фото: Parimatch

Осы аптада футбол әуесқойларын Чемпиондар лигасының 1/8 бөлігінің жауапты матчтары күтеді. Осы сәрсенбіде ең қызықты кездесулердің бірі Португалия үздік лигасының көшбасшысы "Бенфика" мен Бельгияның қазіргі чемпионы "Брюгге" арасында өтеді. Бір қарағанда, ойын нәтижесі айқын болып көрінгенмен, тығырыққа тірелген бельгиялықтар бізді әлі де таң қалдыруы мүмкін.

"Бенфиканың" чемпионаттағы жағдайы өте жақсы. Португалия чемпионатында "қырандар" ең жақын қарсыласынан 8 ұпай артықшылықпен 1-орынды нық ұстап тұр. Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде олар "ПСЖ" және "Ювентус"сияқты алыптармен топта бірінші орыннан шықты. Сонымен қатар португалиялықтар ЧЛ-дағы 11 матчта бір тең ойын өткізіп, қалғандарын жеңіспен аяқтады. Португалия Кубогынан шығып кеткендігі аздап көңілдеріне тисе де, Еуропаның басты турнирінің ширек финалына шығу бұл өкінішті жағдайды ұмытып кетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Қазіргі Бельгия чемпионының осы маусымдағы жағдайы мәз емес. Ұлттық турнирде "Брюгге "4-орында, ал Чемпиондар Лигасында "Портуға" ғана жол беріп, екінші орыннан жолдама алды. Финалдың ⅛ бөлігінің алғашқы матчында "Бенфикадан" жеңілді, яғни бельгиялықтар жағдайларын қалпына келтіру үшін барын салып, жақсы ойын көрсетуге тиіс.

Командалар ойын алаңында бар жоғы бір рет кездескен, сондықтан бетпе-бет кездесулер статистикасы бізге ештеңе көрсете алмайды. Бірақ, дербес деректерді ескеретін болсақ, нәтижелі ойын тамашалаймыз деп сенуге болады: "Бенфика" соңғы 10 матчтың барлығында гол соқса, "Брюгге" соңғы 5 матчтың әрқайсысында бір голдан соғып келеді.

Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:

Бенфика - 1.35, Тең ойын - 5.40, Брюгге - 8.70

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012075-benfika-bryugge-sarapsylar-belgiyalyqtardyn-zeniske-zetui-nege-kuman-tugyzatynyn-aitty/