Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті кезекті отырысын өткізіп, ұлттық құрама ойыншысын екі матчқа алаңнан шеттетті, деп жазады федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан құрамасы мен шымкенттік "Ордабасы" клубының қорғаушысы Сергей Малый екі ойынға алаңнан шеттетілді. Ол матч кезінде қарсылас команда футболшысына қарсы өте дөрекі ойнағаны үшін айыпталды. Малый 5 наурызда жасыл алаңға қайта оралады.
Сондай-ақ тәртіптік-бақылау комитеті жеті ойыншысы ескерту алған "Жетісу" командасы мен жанкүйерлері дөрекілік танытқан "Ақтөбе" футбол клубына 345 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Айыппұл арқалағандар қатарында "Мақтаарал", "Қайсар" клубтары да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012296-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-oiynsysy-sergei-malyi-qatan-zazalanyp-eki-matcqa-settetildi/