Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші туры басталды. "Қайрат" өз алаңында "Каспий" клубынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алматының орталық стадионында өткен матчта "Қайрат" 3:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Вячеслав Швырев, Артун Шушеначев, Жоао Пауло (он бір метрлік айып добынан) - Талғат Кусяпов.
"Қайрат" сапында алаңға алғашқы минуттан қазақстандық "Месси" атанған Еркебұлан Сейдахмет шықты. Оны екінші таймда Гүлжігіт Алықұлов алмастырды.
Айта кетейік, алматылық клуб үш турдан кейін 7 ұпай жинады. Қазіргі уақытта турнирлік кестенің басында шымкенттік "Ордабасы" тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012891-qazaqstandyq-messidin-qatysuymen-otken-oiynda-qairat-zeniske-zetti/