jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Матч кезінде өзін жайсыз сезінген": Петропавлда жанкүйер көз жұмды (фото)

    хоккей
    Көрнекі фото: pexels.com

    Петропавлдағы "Құлагер" жастар хоккей командасының матчы кезінде ойынды тамашалауға келген Владимир Бондаренко қайтыс болды. Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

    Қайғылы жағдай 13 наурыз күні тіркелді.

    Белгілі болғандай, Владимир Бондаренко матч кезінде өзін жайсыз сезінген. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

    "Владимир Иванович - кеңес үкіметі темір жол өнеркәсібінің құрметті ардагері, спорт ардагері және хоккей клубының белсенді жанкүйері. Басшылық, жаттықтырушылар штабы, команда өкілдері және жанкүйерлер Владимир Ивановичтің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Құлагер "хоккей клубы" 2015 жылдың 13 мамырында құрылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.